Басты жаңалықтар

ТЖД хабарласып көмек сұрап, кейіннен жоқ болып кеткен кәсіпкердің неден қайтыс болғаны анықталды

Бір ай бұрын жоғалып кеткен 54 жастағы кәсіпкердің денесі шұңқырдан табылды.

Еріктілер тобы бір ай бұрын із-түссіз жоғалған 54 жастағы ақтөбелік Кенжебай Алдашевтың денесін шұңқырдан тапты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бүгін, 5 желтоқсан күні Ақшат ауылында 30 адамнан құралған еріктілер тобы шұңқырдан шыға алмай қалған ақтөбеліктің денесін тапты. Олар бір ай бойы іздеуді тоқтатпай, күнде аймақты шарлап жүрген. «Жарты сағат бұрын оны Ақшат ауылы маңындағы шұңқырдан таптық. Өзі айтқандай, шынымен шұңқырдан шыға алмаған. Өкінішке қарай, өліп қалған. Біздің іздеуші топ тума-туыстарына көңіл айтады», — деді ерікті Екатерина Голотина. Еске сала кетейік, 10 қараша күні Кенжебай Алдашев ұялы телефон арқылы Төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау шалып,шұңұырдан шыға алмай жатқанын хабарлаған. Кейін 15 қарашадан бастап кәсіпкерді іздеуге  полиция да кірісті.