Қандаланы улаймын деп екі адамды өлтіріп алған:оқиғаның жай-жапсары анықталды
Маңғыстау облысында 25 жастағы дезинфектор үй қамағына алынды.
Ол үйді қанадаладан тазартамын деп, салдарынан екі адам көз жұмған еді. Санитарлық дәрігерлердің сөзінше, «Квифокс» препаратын тұрғын үйде қолдануға мүлде болмайды. Ол агроөнеркәсіпте ғана қолданылуы тиіс екен, деп хабарлайды КТК арнасы. «Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің реестрінде бұл тіркелмегендіктен және рұқсат етілмеген. Және бұл ауылшаруашылығында қолданылатын препарат. Қазіргі таңда «Таракан-Мед ЖШС » бұны үй жайында қолданғандықтан осындай жағдайға әкеліп отыр», – дейді Маңғыстау облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім жетекшісі Гүлзада Максимова. Осылайша, бұл жағдай адам өліміне алып келсе де, аталған компанияларды ешкім тескермейді. Себебі бұл заңсыз. Ал санитарлық дәрігерлер дезинфекция жасайтын маманның біліктілі туралы сертификат пен препараттдың құжатын сұрауға кеңес береді. Полиция оқиғаға қатысты «абайсызда кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде бір адам ұсталды. Ол биылғы жылдың жазынан бастап дезинсекциямен айланыса бастапты. Ал адам өліміне алып келген препаратты жергілікті базардан сатып алған. Ендігі ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. «Кінәлі тұлға анықталды. Ол 83-ші жылғы азамат. ҚР ҚК-нің 128-бабына сай қамауға алдық. Алайда, оның тұрғылықты жері болғандықтан, жанұясы болғандықтан сот оны үй қамаққа жіберді. Қазіргі таңда ол біздің тергеу-тексеру амалдарына көмектесіп, келіп кетіп жүр», – дейді Мұнайлы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Еркін Чунетов.