Қазақстандық қыз 13 жасында туған әкесінен қалай жүкті болып қалғанын сотта айтып берді
Бойжеткен 15 жасына дейін барлық қыз баласы әкесімен жыныстық қатынасқа түседі деп ойлап келген.
Қазақстандық әйел кішкентай күнінен отбасында анасы мен әкесінің төбелесін көріп өскен. Туған әкесі Бибінұрдың (есімі өзгертілген) анасын сабап, жалаңаш билеуге мәжбүрлеп, қорлайтын болған. Бірде анасы таяқтауға артық төзбейтінін айтып кіші ұлын алып, үйінен қашып кеткен. Ал қызы Бибінұрдың құжаттары мен заттарын жасырып қалған әкесі оны өзімен алып қалған. Міне осыдан кейін Бибінұрдың әкесі қылмыс жасап қамауға алынады. Қайтып келген кезде қызымен бірге тұрып, оны аяусыз ұрып- соғып, жыныстық қатынасқа тартқан. Бұл туралы Немолчи.KZ тобының жетекшісі Дина Смаилова жазды. Қыздың айтуынша әкесі түрмеден келген кезде қатты өзгерген. Келген бетте қызын құшақтап, еркелете бастаған. Ақыр соңында жыныс мүшесін көрсетіп, зорлауға көшкен. Сөйтіп жүрген кезде қыз 13 жасында туған әкесінен жүкті болып қалады. Әкесі қызын туған әпкесіне алып барып, екеуі бірігіп оған түсік жасатады. Осы кезде қатты ауырсынуды көрген қыз үйіне оралғаннан кейін, әкесінен өзіне тиіспеуді сұрайды. Бірақ қыздың әкесі оны целлофан пакетпен зорлап жүріпті. Үнемі дене басы көгеріп, дұрыс тамақтанбай жүрген қыздың жағдайын көршілері, мектептегі ұстаздары білгенімен, оған араша түсуге еш батылдары жетпепті. Бибінұрға түсік жасатқан әпкесі 200 теңге берген. Ол сол ақшаға сағыз алып, вокзалға барып сатумен айналысқан. Әрі осы әрекетті бірнеше қайтарып жасап, табыс таба бастаған. Осылай жүріп мектеп оқушысы теміржол маңынан орын алып, тауарын көбейтеді. Бірақ отбасылық өмірде ештеңе өзгермейді. Мектепті тастап саудамен айналысып кеткен қыз жап- жас басымен үй алатын қаржы жинайды. Әрі өзін зорлап, қорлап өсірген әкесінің тамағын тойдырып, бірге тұрады. Ол тіпті 15 жасына дейін барлық қыз туған әкелерімен жыныстық қатынасқа түседі, ол солай болуы керек деп ойлапты. Бірде құрбысы көрінбей кеткен Бибінұрды үйіне іздеп келеді. Сол кезде бойжеткен ауладағы сарайда қағазды астына төсеп жалаңаш күйінде ұйықтап жатқан болады. Содан құрбысы оған әкесін үйлендіріп, үйден кетіп қалуға көмектеседі. Бибінұр өз күшімен тапқан үйді, кәсіпті өгей анасына қалдырып, өзі туған анасын іздеп кетеді. Содан бірнеше жыл өткенде тұрмысқа шығып, өзі де балалы болған. Жақында ғана оның әкесі бала күнінен қорлаған қызынан баспанасын тартып алу бойынша сотқа арыз түсіреді. Сол кезде Бибінұр өгей анасы мен әкесінің ортақ үш баласын көреді. Анасы бөлек сіңлілерінің бетіндегі соққы белгілерін көрген қыз, өз тағдырын қайталап жүргендерін түсінеді. Қыздардың таяқталған жүзі көз алдынан кетпей қалған Бибінұр өз өмірін баяндап, соттан өгей анасы мен үш балаға араша түсуді сұраған. Сотта өзінің бала күнінен көрген азабын жылап тұрып баяндап берген. Ендігі арманы туған әкесінің қорлығынан өгей анасын үш баласымен құтқарып қалу. Дина Смаилова Бибігүлге көмек қолын созғысы келетін білікті заңгерлер болса осы істі ашуда қол ұшын беруді сұрады. Бибінұрдың өзі қорғаушы, өз ісінің нағыз маманы атанған заңгерлермен бірге жұмыс істеуге дайын екенін айтқан.