Сондай-ақ, Бақытбек Есентаевтың қарындасы жалған куәгерлерді анықтағысы келетінін жасырмады.
"Менің ағама жала жапқан жалған куәгерлерді жазаға тартудың мүмкіндіктерін білгім келеді", - деді Нағима Есентаева.
Айта кетейік, 2016 жылдың 10 шілдесі күні танымал продюсер Баян Алагөзоваға бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев пышақ жарақатын салып, қол жұмсаған еді.
Алғашқыда продюсердің бұрынғы күйеуіне "адам өлтіруге әрекет жасады" деген айып тағылса, кейін зорламақ болғаны үшін де айыпталды.
Арада біраз уақыт өткен соң Баян Алагөзованың заңгері жәбірленушінің ер адамды кешіргенін айтып, қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш білдірген.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш оқиғадан кейін Баян Алагөзова Тұрсын Алагөзовке тұрмысқа шығып, тегін өзгертті.