Басты жаңалықтар

Әуелбекова отбасына арналған әнді шырқап тұрып, сахна төрінде жылап жіберді

Әнші: барлығы есіме түсіп кетті, өзімді барынша ұстауға тырысқан-ақ едім.

фото:stan.kz

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Астанада алғаш рет жеке концертін беріп, өз тыңдармандарын қуантқан еді. Ол жерде Әуелбекова репертуарындағы халық сүйіп тыңдайтын барлық әнді орындады, деп жазды "Той думан" арнасы. "Арман Алдамайды" әні отбасын құрған кездегі, бала сүйген сәтімде шыққан еді. Оған бейнебаян да түсірілді. Сол сәттердің барлығы көз алдымнан картина болып өтті. Елдің алдында бар эмоциямды іште сақтауға тырыстым. дегенмен...",- деп ойын дұрыс жеткізуге тағы да көңілі босап кетті әншінің. Әншілік өмірінде алғаш рет жеке шығармашылық кешін өткізген Әуелбекова енді тура осы программаен Алматыда жеке кешін өткізуді жоспарлап отыр.