Кәсіпкердің мал шаруашылығымен айналысқанына 22 жыл болыпты. 20 жылқы, 20 ірі қара, 500 бас қоймен бастаған кәсіпкердің қазір қой басы 52 мыңға, жылқы саны екі мың 200-ге жетіпті.
Биыл Біріккен Араб әмірлігі мен Иранға сегіз мың бас қой жіберіпті.
Қызметкерлерін ынталандыру мақсатында кәсіпкер шопандарға жыл сайын 500-600 бас қой береді екен.
20 шопанға жекешелендіру құқығымен 10 үй тұрғызып берген кәсіпкер, қызметкерлерінің балаларына арнап мектеп-интернат пен 92 орындық балабақша салғызыпты.
«Қалада жоқ нәрсе ауылда бар бізде. 12 жыл еңбек еткеніміз үшін үй тарту етті. Кейбіреулерге көлік берді. Әркімге еңбегіне қарай береді», — деді шаруа қожалықтың бригадирі Жандос Айтжанов.
Кәсіпкердің ендігі жоспары жылына халық игілігіне 50 млн теңге бөліп, спорт сарайы мен 60 орындық балабақша салу екен.
Д. Әлімқұл