Әйелі қортық: бойы кішкентай қыздарды "мықырайған" деп кемсіткен Нұрболат Абдуллин ұятқа қалды
Нұрболат Абдуллин клипіне "мықырайған" қыздар түспейді деп тәкәппарланып, елдің сынына ұшырады.
Бүгінде жаңадан танылып кележатқан Нұрболат Абдуллин әнші Бүркіттің жолын қуып шетелде клип түсіріп, бірнеше киноға қатарына түсті. Әнші өзінің бойы 1.90-ға жақын екенін айтып, клипіне өзіне шамаласы яғни бойы 1.75 сантиметрден жоғары қыздар ғана түсетінін айтып "Хит ТВ" арнасына сұхбат берген еді. Әнші өз сөзінде бір клипке 10 мың АҚШ долларынан кем жұмсамайтынын,онда тек сапалы техника қолданылып, әдемі адамдар ғана түсіп елдің назарын өзіне аудара алатынын ашық айтқан. Көпшілік әншінің осы бір сұхбатындағы тәкәппарлығын сынап, жас әншіні жұлдыз ауруына шалдықты деп топшылауда.
Суретте әнші келіншегімен бірге.
"Неменесіне сонша мұрнын шүйіреді.Өзіне тым сенімді болып қалыпты, өнер адамы, халықтың адамы адамдарды алаламайды. Кемшілігін бетіне баспайды", "Осы Нұрболаттың өзінің жасырып содан кейін көрсеткен әйелі қортық қой. Өзі айтпақшы "мыртық". Нұрболат талғамыңыз жақында ғана жаңарған сияқты ғой", "Атың шықпаса жер өрте демекші елді өзіне қаратқысы келіп ойлап тапқан бір сөзі болар", "Нұрболат осы жолы өзіне көп алып қойды. Бұл әнші өзі не әндер орындайды? Осыларды әнінен бұрын, өрескел қылықтары арқылы өздерін танитын болдық" , деген сынды Нұрболат Абдуллинге ренжіген халықтан осындай жағымсыз пікірлер көптеп айтылып жатыр.