Басты жаңалықтар

Қазақстандықтардың Тәуелсіздік күніне неше күн демалатыны белгілі болды

16 желтоқсан жексенбіге келетіндіктен мерекелік күн 18-не ауысады.

Қазақстанда 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 4 күн қатарынан демалыс. Мерекеге екі күн демалыс беріледі.  Сенбі әдеттегі демалыс күні ретінде қалады. Осылайша 15, 16, 17, 18 төрт күн қатарынан демалыс болады. Ал, желтоқсан айында жалпы 13 күн демалыс болады. Жаңа жыл мерекесіне қарсы тағы 4 күн демалыс беріледі. Қазақстандықтар 29 желтоқсан сенбі күні жұмыс істеп, есесіне 30, 31, 1, 2 желтоқсанда демалады.