Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматыда суицид жасамақшы болды делінген келіншектің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Дәрігерлер әйелдің денесінде соққы белгілері мен азаптаудың іздері болғанын айтып жатыр

10.12.2018
0
Алматыда суицид жасамақшы болды делінген келіншектің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Алматыда өз-өзіне қол жұмсады делінген Сайрангүл Лайысқызы бүгін тілге келместен көз жұмды. Дәрігерлер ес-түссіз комада бір ай жатқан келіншекті аман алып қала алмады, деп жазды КТК арнасы.

Ал марқұмның жақындары өмірге құштар жанның аяқ асты өмірмен қош айтысқанына сенбейді. Олар Сайрангүлді соққыға жығып, өлімге итермеледі деп күйеуіне кінә тақты. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері де болған екен.

Сайрангүл Лайысқызының жүрегі тоқтады деген суық хабарды естіген оның туыстары түгел ауруханаға жетті. Олар әу баста келіншектің өмірімен қош айтысуға талпынғанына сенбеген еді. Марқұмның көзі көгеріп, денесіндегі зорлық-зомбылықтың белгілерін көргенде көңілдеріне күдік ұялаған.

«Жігіті жақсы болса, тәртібі жақсы болса мұндай болмайды ғой. Омырауда баласы бар. Кім өлгісі келеді. Бұл жіп салмақ түскенде сырғып, иектің астында болуы керек. Мұнда жіптің ізі кеңірдек тұсында. Қалай сенесің енді.Шындықты айтсын. Қолымен істегенді мойнымен көтерсін»,- дейді марқұмның туысы  Назарбек Сәбен.

Ақ халаттылар 15 күн комада жатқан Сайрангүл аппараттың көмегімен тыныс алып, жаны қиналғанын айтады. Соңғы күндері миы да жұмыс істеуін тоқтатыпты.

«Бізге түскенде оң көзі және денесі көгергенін байқадық. Қатты соққы алған. Қылқыну белгілері бар. Қан-тамырлары қысылып, дене мүшесі сал болып қалды. Мұндай ауыртпалыққа ағзасы төтеп бере алмай, қайтыс болды»,- дейді Алматы қалалық паллиативтік көмек орталығының бөлім меңгерушісі Марина Рахимова

Ал күйеуінің айтуынша, 14 қарашада Сайрангүл Лайысқызы дәл осы жалдамалы үйде өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ол ұйқысынан оянып, босағада асылып тұрған жұбайын көргенде бірден жедел-жәрдем шақыртыпты.

Отасқандарына жеті жыл болған отбасы бұл пәтерде төрт айдан бері тұрып келеді. 28 жастағы Ерғали арамызда аракідік ұрыс-керіс болғанымен жұбайыма қол көтерген емеспін дейді. Жауабы қысқа болған Сайрангүлдің күйеуі көп жайтты ашып айтуға құлықсыз.

«Ол күні жанжал болған жоқ. Мен асылып тұрғанын көрдім. Скорый, полиция шақырттым. Қазір тексеріліп жатыр. Қалған нәрсені шешім шыққан соң айтамын»,- дейді марқұмның күйеуі  Ерғали Қаяуұлы.

Айта кетейік, Сайрангүл Лайсқызының артында кәмелет жасқа толмаған үш баласы қалды. Бүлдіршіндер қазір марқұмның ата-енесінің қарауында. Ал өлімнің нақты себебі сараптамадан кейін белгілі болады.

Бөлісу10Твит6
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6023 бөлісу
    Бөлісу 2409 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3203 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1406 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 352
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1378 бөлісу
    Бөлісу 551 Твит 345
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.