Басты жаңалықтар

Атырау әкімі қызметтік көлікпен дрифт жасаған жүргізушілері үшін кешірім сұрады (видео)

Әкімді жұмысына жеткізген жүргізуші уақытты қызықты өткізу үшін қымбат көлікпен сырғанап ойнаған.

Әкім өзінің жүргізушілері үшін жұрттан кешірім сұрады. Атырау басшысы Әлимұхаммед Құттымұратұлы мұз үстінде қызметтік көліктермен дрифт жасағандар жауапқа тартылып, тіпті кейбірінің жұмыстан кететіндігін мәлімдеді. Қала әкімінің айтуынша, 6-шы желтоқсан күні болған оқиғаның ішінде өзінің де көлік жүргізушісі болыпты. Басшыларын облыстық әкімдіктегі жиыннан кейін алып кетуге келген олар уақытты текке кетірмей, көліктерімен сырғанаған. Осы үшін жүргізушілерге айыппұл салынған. Айта кетейік, қызметтік көлік жүргізушілерінің «шеберліктері» түсірілген бейнероликті тұрғындардың бірі әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген еді.