Пятница, 24 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Шымкентте 5 жасар баланы өгей әкесінің не себепті ұрып өлтіргені анықталды

22 жастағы өгей әке ұлын таң намазында азанды дұрыс шақырмағаны үшін ұрып бастапты.

11.12.2018
0
Шымкентте 5 жасар баланы өгей әкесінің не себепті ұрып өлтіргені анықталды

Шымкент қаласының 22 жастағы тұрғыны бес жасар өгей ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Болжам бойынша, ол баланы азанды дұрыс шақырмағаны үшін аяусыз соққыға жыққан. Салдарынан бүлдіршін ауруханада көз жұмған деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы.

Бес жасар бала ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Ақ халаттылар оның бауыры мен көк бауырының езілгенін, сондай-ақ, іштен қан кеткенін анықтаған. Жүрек соғысы да байқалмаған балақайды аман алып қалу мүмкін болмапты.

«Келген кездегі жағдайы өте ауыр, жүрек соғысы анықталмады. Қан қысымы анықталмады, жүрек соғысын байқап көрген кезде әлсіз, қан қысымы жоқ. Есін білмейді. Алған жарақаттың және қан кетудің салдарынан науқас ота аяқталмай қайтыс болды», — дейді облыстық клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Жанболат Ділдәбеков.

Бүлдіршіннің өліміне күдікті ретінде оның өгей әкесі ұсталған

Алайда 22 жастағы жігіттің бұл әрекеті жақындарын да есеңгіретіп тастапты. Болған жағдайға әлі сене алмай отырған олар азаматтың баламен жақсы қарым-қатынаста болғанын айтқан.

Болжам бойынша сол күні кешке ол қате оқылған намаз үшін ол баласын тепкінің астына алған. Бірнеше соққыдан кейін-ақ бүлдіршін есінен танып қалыпты.

Әзірге белгілі болғаны, күдікті Атырау облысының тумасы екен. Жасы- 22-де. Осыдан екі жыл бұрын Шымкент медресесіне оқуға түсіп, бір жыл тәлім алған. Медресенің жатақханасында бір жылдай тұрыпты. Алайда, осы жылдың жазында төрт баласы бар жергілікті келіншекпен көңіл жарыстырып, соның шаңырағына кірген.

«2017-2018 оқу жылының қыркүйек айларынан бастап сабаққа келуі өте нашарлады. Біраз баяулады, себебі, отбасылы болғанын білетін шығарсыздар. Жаз айында бір келіншекпен үйленіп, содан бері сабаққа келуі біраз саябырсыды», — дейді Шымкент медресе колледжі директорының орынбасары Бейбіт Өтебаев.

Марқұм бүлдіршін жанұядағы ең кішкентай бала болған. Ал үйдің үлкені 8-сыныпта оқиды екен. Марқұмның артынан үш бауыры, анасы мен әжесі қалды.

Бөлісу10Твит6
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6024 бөлісу
    Бөлісу 2410 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3204 бөлісу
    Бөлісу 1282 Твит 801
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1406 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 352
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1383 бөлісу
    Бөлісу 553 Твит 346
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1546 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 387
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1190 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 298
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.