Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақтөбеде оқушы қыздар төбелесіп бір-бірінің құлағын әйнекпен кесіп алған

Жоғары сынып оқушысы кішкентай қыздың сырғасын тартып алып, ломбардқа өткізіп жіберген.

12.12.2018
0
Ақтөбеде оқушы қыздар төбелесіп бір-бірінің құлағын әйнекпен кесіп алған

Ақтөбе облысында жоғары сыныпта оқитын қыздар төбелесіп қалып, әйнектің сынықтарымен бірінің қасы мен құлағын кескілеп тастаған.

Сонымен қатар 5 жастағы қыздың құлағындағы алтын сырғаны тартып алған, артынша оны ломбардқа өткізіпті. Бүгінде 3 қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Алға ауданында оныншы сынып оқушысы қатарластарымен төбелесіп қалып, оларды аяусыз соққыға жығып, әйнектің сынықтарымен қасы мен құлағын кескілеп тастапты. Осының салдарынан зардап шеккен қызкөзіне бірнеше рет ота жасатуға мәжбүр болды.сонымен қатар ол контузия алған екен. Ал қатарластарын ұрып тастаған қыздың ішімдікке салынған анасын полицейлер әрең іздеп тауыпты.

«Менің қызымды жатқызып алып ұрған. Онымен қоймай әйнек сынығымен қабағын жарып, құлағына дейін тілгілеген. Соны көріп тұрған жұрт арашаламаған да. Кейбіреуі тіпті суретке түсіріпті. Енді қызымның көзі нашар көреді. Үнемі дәрігерлердің бақылауында болады», – дейді Алға қаласының тұрғыны Ирина Самарская.

Қызының таяқ жеп, жәбірленгенін айтқан әйел де әкімшілік жазаға тартылуда. Себебі қызы оқиғадан бұрын құрбысымен бірге 5 жастағы бүлдіршіннің құлағындағы алтын сырғаны тартып алып, оны ломбардқа өткізіпті.

«Бұл нағыз гоп-стоп. Қызымның сырғасын шешіп алған. Әйтеуір құлағын жұлып алмағанына шүкір. Сол оқиғадан бері қызым түнде шошынып, бұтына кіші дәретін жіберіп қояды. Бұзықтарды жазалау керек», – дейді Анастасия Заглядова.

Десе де осындай әрекеттерімен елді дүрліктірген қыздар сабақтан қалмайтын болып шықты. Олардың оқу үлгерімі де жақсы екен. Алайда ұстаздары оларды емес, ата-аналарын тәрбиеге шақырудан шаршағандарын айтып отыр. Себебі қыздардың бірінің шешесі ішкілікке салынған. Бұл туралы әкімдікке айтылып, ол мәжбүрлі түрде емдетілген екен. Ал тағы бір оқушының әкесі сотты болған, анасы бірге тұрмайтын көрінеді.

«Отбасында қиындықтар бар. Бірақ мектеп қабырғасында ол екеуі де ондай тәртіпсіз екенін, сондай төбелеске бейім екенін көрсеткен жоқ, байқатқан жоқ», – дейді қаладағы №4 орта мектеп директоры Әбдімұрат Коргулин.

Оқиғадан кейін 3 оқушы қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қыздардың ата-аналары әкімшілік жазаға тартылып жатыр. Бүгінде оларды қыздарының бұзықтығы үшін полиция есепке алған.

Бөлісу7Твит4
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3808 бөлісу
    Бөлісу 1523 Твит 952
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1112 бөлісу
    Бөлісу 445 Твит 278
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6319 бөлісу
    Бөлісу 2528 Твит 1580
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1083 бөлісу
    Бөлісу 433 Твит 271
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3367 бөлісу
    Бөлісу 1347 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    596 бөлісу
    Бөлісу 238 Твит 149
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    558 бөлісу
    Бөлісу 223 Твит 140
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    456 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.