Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген Димаш бұл жолы Селин Дионның «My heart will go on» әнін халықаралық кинофестивальде шырқады.
Аталмыш шара Қытайдың Хайнань аралында болды.
Әнші әйгілі «Титаник» фильмінің саундтрегін орындады, оның видеосын Димаштың желілердегі парақшасына жүктеді.
Димаш парақшасына қызыл кілеммен жүріп өткен суреттерін де жүктеген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Джеки Чан бастаған бірінші халықаралық кинофестивальдін қызыл кілемінде. Хайнань.
Димаштың өнердегі жұлдызы халықаралық деңгейде осы Қытайда жанған еді. Қазақстандық әншінің өнерін сыйлайтын шетелдіктердің бірі әрі саны жағынан көбі осы Қытайда екені де даусыз.