Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ІІМ қазақстандықтарға 2019 жылы жеке куәлігін ауыстыру керектігін ескертті

ІІМ қазақстандықтарға 2019 жылы жеке куәлігін ауыстыру керектігін ескертті
ашық дереккөз
Құжатты үйде отырып сайт арқылы өтініш жасап, ауыстырып алуға да болады.

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ескірген жеке куәліктерді ауыстыру керектігін ескертті деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KYN.KZ.

Қазақстанда азаматтардың жеке басын куәландыратын (электронды ақпарат енгізілген чип) биотметрлік деректері бар құжаттар 2009 жылдан бері беріліп жатыр.

Халықаралық стандарттарға сәйкес олардың мерзімі он жылға жарайды, яғни келесі жылы уақыты бітеді.

Осыған байланысты, ІІМ азаматарға ескі үлгідегі жеке куәліктерін ауыстыру керегін есіне салады.

Құжаттарды еліміздегі кез келген ХҚО-нан рәсімдеуге болады (эксаумақтық қағида бойынша).

Ескі нұсқадағы құжаттарды жаңа түріне ХҚО бармай-ақ, "электронды үкімет" порталына өтінім жіберу арқылы да жасауға болады.

Бұл үшін 3,5х4,5 көлеміндегі цифрлық фотосуретті ұсынып, сканерден өткізілген нұсқаға жеке қолыңызды қоюыңыз керек.

Бұның бәрі графикалық құжат түрінде электронды өтініммен бірге жіберіледі.

Жергілікті тұрғындарға қолайлы болу үшін құжат мерзімінің аяқталуына бір ай қалғанда жеке куәлікті рәсімдеуге рұқсат беріледі.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар