Концерт күллі түркінің мерекесі Ұлыстың ұлы күніне жоспарланып отыр.
Миллиондаған тыңдарманын тәнті еткен танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген Мәскеуде жеке концерт береді, деп жазды KYN.KZ. Дарынды әншінің жеке кеші 2019 жылы Ұлыстың ұлы күні – 22 наурызда Мәскеудегі Кремль сарайында өтпек. Бұл туралы Instagram желісінде әншінің өзі хабарлады.
"Мәскеу. Мемлекеттік Кремль сарайы, Ұлыстың Ұлы күні - 22 наурызда жеке кешімде көріскенше!", - деп жазды Димаш.
Келесі мақала