Желіде "Әблязовтың польшалық арумен болған төсек қатынасының" видеосы пайда болды
Бейнежазбаның аты - "Мұхтар Әблязов пен лоббист Людмила Козловская". Онда Әблязовқа ұқсас ер адам "Ашық диалог" қорының басшысына ұқсас әйелді сүйіп, құшағына алған.
13 маусым күні YouTube желісінде болжам бойынша Мұхтар Әблязов пен польшалық құқыққорғаушы Людмила Козловскаяның интимді видеосы пайда болды,-деп жазды nur.kz сайты. "Толық нұсқасын көргіңіз келсе, ересектерге арналған сайттарды қараңыз", - деп жазылған видеоның түсіндірмесінде. Осындай бір сайттардың ішінде, шынымен де, видеоның толық нұсқасы табылды. 11 минутқа созылған видео "Әдемі де көркем украин қызы бастығымен жыныстық қатынасқа түсіп жатыр" деп аталады. Facebook-тағы Мұхтар Әблязовтың жеке парақшасына аталмыш бейнежазбаны түсіндіріп беру өтініші жөнелтілген болатын. Сұрағымыз оқылғанмен, жауапсыз қалды. Мұхтар Әблязовтың секс-серігі деп аталатын Людмила Козловская бірнеше жылдан бері сотта оның сөзін сөйлеп, европарламентте жақтасушыларының бірі болып келеді. Ескерту: Видеода бейәдеп кадрлар кездеседі!