"Ғалам аруы-2018" байқауында қазақстандық ару ерекше өнерін паш етті (видео)
Сабина Әзімбаева: Қыздарға қиын болғанымен менің осы хоббиіме деген қызығушылығымды әкем оятты.
"Ғалам аруы-2018" байқауында Қазақстанның атынан шығып, бағын сынап жүрген 18 жастағы бойжеткен Сабина Әзімбаеваның әкесі боксшы, өзі де жас күнінен спорттың осы түріне қатысып, айтарлықтай меңгеріп алғаны жайлы айтты. Әлемнің сұлулары сырт келбеті мен өнерін ұштастыра отырып "ең сұлу" атану үшін бағын сынап жатқан байқау Тайландта өтіп жатыр. Бүгін осы шараны ұйымдастырып жатқандар қатысушылардың ерекше өнері мен хоббиі туралы видео жариялады. Қазақстандық қатысушы Әзімбаева өзінің бокс саласында жаттығып жатқан видеосын көрсеткен. "Менің әкем кәсіби боксшы. Оның жекпе-жектерін бала күнімнен назардан тыс қалдырмауға тырысатынмын. Сөйтіп жүргенде "неге өзім айналыспаймын?" деген сұрақ туындады. Содан боксты қолға алуға шешім қабылдап, тек жігіттер қатысып жүрген жаттығу залына барып, дайындықты бастап кеткенімн",-дейді Сабина Әзімбаева.