Басты жаңалықтар

Қарағандының ең сұлу қызы анықталды (фото)

Бағын сынаған 100 қыздың ішінен Дариға Сақбасынова есімді 17 жастағы қыз суырылып шықты.

"Қарағанды аруы-2018" сұлулық байқауында 17 жастағы шет тілдер колледжінің студенті Дариға Сақбасынова жеңіске жетті. Бірінші вице-ару Эвелина Филимонова, екінші Кристина Гусева, ал үшінші Ақерке Жұманова болды.

Үшінші курс студенті Дариғаның сәнқойлық тәжірибесі бар. Ару осыған дейін сән агенттіктерінде жұмыс істемегенін, сән ережелерін өзі үйренгенін айтады.

 width=

"Мені ата-анам мен жақындарым қолдаған соң қатты қобалжымадым. Баршаға рахмет айтамын", - деді ару.

Дариға волейболмен және жүзумен белсенді түрде айналысады екен.

"Менің алға қойған мақсатым "Әлем аруы" байқауында тәжді жеңіп алу. Содан кейін анамның арманын орындап, оны әлем аралауға жіберу", -дейді ол.

 width=

Бұл жылы додаға қатысушыларды қазылар Instagram желісі арқылы анықтаған. Ниет білдірушілердің саны 100-ге таяғанымен, қатысуға 19 адам мүмкіндік алған. Бойжеткендер екі апта дайындалыпты.

 width=

Байқау әділ-қазыларының мүшелері "Шахтер" футбол командасының қорғаушысы Михаил Габышев, "Қазақстан аруы"