Ақтауда жүкті әйел байқамай сірке суын ішіп қойды
Белгілі болғандай, айы-күні жақындап қалған жүкті келіншек ауруханаға жеткізілген.
Ақтауда жүкті әйел сірке қышқылын су екен деп ішіп қойды. Бұл туралы Лада.kz Маңғыстау облысының жәдел медициналық жәрдем станциясына сілтеме жасап хабарлады. "Зардап шегушінің айтуынша, сірке қышқылының аз ғана ерітіндісін стақаннан су екен деп ішіп қойған. Асқазаны күймегені анықталды. Лор дәрігер мен токсиколог қарап, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін әйел облыстық перинатальды орталыққа гинекологтың қарауына жіберілді", — деп түсіндірді дәрігер Қуатбай Тәуекелов. Токсиколог дәрігердің айтуынша, ауруханаға жыл сайын сірке суын ішіп қойған 150-20 адам түседі. Ас сірке суы асқазанды қатты күйдірмейді. Сірке суы қанға сіңген кезде едәуір ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін. Ол эритроцитті жойып, бүйрек жеткіліксіздігін тудырады.