31 арна директоры әйелімен "күміс тойын" шетелде дүркіретіп тойлады (фото)
Салтанат Қалиева: Бізге тілекші болған халыққа ең жаманы осындай бақыт тілейміз
31 арна директоры Бағдат Қожахметов пен оның өмірлік серігі актриса әрі тележүргізуші Салтанат Қалиева отасқандарына 25 жыл болған күнді яғни "Күміс тойларын" Мальдив аралында атап өтті. Медиа саласында танымал азаматтардың бес белесы мен бір немересі бар. Бүгінде үлгілі отбасы болып, махаббаттарының ыстығы басылмаған ғашық жандар 24 жыл бұрын Қостанай- Қазақстан арнасында танысқан. Ол кезде Салтанат Қалиева облыстық арнада жаңалықтар жүргізушісі әрі студент болған. «Аяғы жаман төрді былғайды. Аузы жаман елді былғайды». Әр басқан қадамдарымызға гүл бітсін, xалайық. Біздің қуанышымыза ортақ оқырмандар саны көбірек екен. Алла разы болсын сіздерге де әке-шеше, бауырларыңыз, дос жораларыңызғада. Кем дегенде осылай қартайыңыздар, тілектес оқырман қауым",-деп жазды Салтанат Қалиева.