Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

30 әйел келді: Шымкентте 63 жастағы атай бірге тұратын келіншек таңдау ұшін арнайы кеш ұйымдастырды

Жәдігер ақсақал: Басқа өңірден де бірталай қыздар келді,ұялатын түгі жоқ, бұл өмір заңы.

19.12.2018
0
30 әйел келді: Шымкентте 63 жастағы атай бірге тұратын келіншек таңдау ұшін арнайы кеш ұйымдастырды

Шымкенттік зейнеткер өзіне адал жар іздеп жүр. 63 жастағы қария «Құдай қосқан қосағының» ибалы да инабатты болғанын қалайды. Егер «ақылы көркіне сай» асыл жар табылатын болса, ақсақал қалған өмірін онымен бірге өткізуге дайын, деп жазды Еуразия бірінші арнасы.

Тіпті, осы арманын жүзеге асыру үшін  жуырда «Сені іздеймін!» атты танысу кешін ұйымдастырған. Оған қариядан бөлек, өмірлік серігін іздеген 30-ға тарта жалғызілікті жандар келіпті. Арасында жасы да, жасамысы да бар.

«Пешенеге жазғанды Құдай неқылады екен ғой. Содан кейін мен де басталып, ойланып, көріп осы таңда».

«Армансыз адам-қанатсыз құспен тең» деген нақыл бекер айтылмаған екен дейсің, осындайда. Ата сақалы аузына түскен Жәдігер ақсақал да жалғыздықтан жабыққандықтан,  жар іздеуге мәжбүр.

«Тілегенім бұл емес еді, тағдырым осылай болды, сенімді серік іздеуге тура келді» дейді. Өйткені, Құдай қосқан қосағы осы жылдың жазында қайтыс болыпты. Дүниеге 4 ұл- қыз әкеліп, солардың барлығын жетілдіріп, енді өмірдің қызығын бірге көреміз бе деген тұста қайырымсыз ажал оғын қадаған. Содан бері қария перзенттерінің қолында жүр.

«Оның жақсы мінездері, керемет, тамаша қасиеттерін бір арнаға сыйдыру қиын-ау деп ойлаймын» – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Жәдігер Құлсариев.

«Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасады» деген. Сондықтан, жұпсыз өмір сүру мүмкін емес. Жаратылыс заңы сондай. Осы қағиданы берік ұстанған Жәдігер ақсақал жуырда «Сені іздеймін!» атты жобаны іске асырды. Онда өмірден өз серігін таба алмай жүрген 30-ға тарта үміткер қатысыпты. 20 мен 70-тің аралығындағы жалғызілікті жандар бір-бірімен танысып, ортақ тіл табысса керек. Танысуға келгендердің көпшілігі келіншектер екен.

Жеке өмірінің кейбір күндерін құпия ұстағысы келгендер кешті бейнекамераға түсіртуге рұқсат етпеді. Бірақ, Жәдігер қсақалдың бастамасын құптап та, мақтап та жатты. Тіпті, хабарландырудан құлағдар болған біртоп әйел Шымкентке өзге өңірден аранйы келіпті.

«Рахмет! Қолдаймын, шын пейіліммен қолдаймын» – дейді зейнеткер Болсын Рахмашев.

«Бұл жерде бойдақ шалдар көп, не істерін білмей жүр. Қастарында кемпірі жоқ. Кемпір мен шалды қосып жатса, құптай береміз ғой мұндай программаларды» — дейді зейнеткер Қалмырза Ахатов.

Жәдігер Смадиярұлы алғаш рет бұл бастаманы өткен ғасырдың 80-ші жылдары Ташкенте қолға алған екен. Ал ата жұртқа қоныс аударғаннан кейін күйбең тірлікпен жүріп, жандандыруға мұршасы болмаған екен. Жұбайы өмірден озған соң сол идеяны қайта қолға алуға тура келген.

Дегенмен, жар таңдауға келгенде әлі де ойланып жүргенін айтады. Өйткені, әзірге ұл-қыздары келісімін бермепті. Егер перзенттері рұқсат етсе, өн бойына асыл қасиеттер тоғысқан жанмен қалған өмірін бірге өткізуге белін бекем буып отыр.

Бөлісу10Твит6
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6251 бөлісу
    Бөлісу 2500 Твит 1563
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3171 бөлісу
    Бөлісу 1268 Твит 793
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3330 бөлісу
    Бөлісу 1332 Твит 833
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1605 бөлісу
    Бөлісу 642 Твит 401
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    894 бөлісу
    Бөлісу 358 Твит 224
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    843 бөлісу
    Бөлісу 337 Твит 211
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2414 бөлісу
    Бөлісу 966 Твит 604
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.