Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Депутат араны ашылған шенеуніктердің қызметтік пәтерлерін тексеруді талап етті

Мәжілісменнің пікірінше, қазынаның ақшасына пәтер алып, қымбат көлік мінетін шенеуніктерді халықтың сынауы – өте орынды

19.12.2018
0
Депутат араны ашылған шенеуніктердің қызметтік пәтерлерін тексеруді талап етті

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Меруерт Қазбекова мемлекеттік қызметшілерді қызметтік баспанамен қамтамасыз етудің қатаң критерийлерін бекітуді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Меруерт Қазбекова премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдады. «Ақжол» фракциясының мүшесі араны ашылған шенеуніктердің салық төлеушілердің ақшасына қызметтік баспана сатып алу мәселесін көтерді. Оның айтуынша, әкімдіктерді айтпағанда, жергілікті жерлерде «кішігірім» бастықтар, колледж немесе облыстық филармония директорына дейін қымбат джип пен седан мінеді.

«Биыл мемлекет есебінен қымбат пәтер алғандар туралы ақпарат бірінен соң бірі шығып жатыр. Бір апта бұрын ғана Павлодарда аумағы 230 шаршы метр, құны 50 миллион теңгені құрайтын қызметтік пәтерге қатысты дау туған еді. Сондай-ақ, жалпы құны 226 миллион теңгені құрайтын бес пәтер сатып алынған. Бұл алғаш тіркеліп отырған факті емес, «айсбергтің шыңы» ғана», — деді депутат.

Қазбекова Қазақстан қалалары мен аудандарында қазынаның ақшасына сатып алынған қызметтік пәтерлерді мысалға келтірді. Мәселен, оның айтуынша, биыл қыркүйекте Атырау қаласының әкімдігі 58 миллион теңгеге жиһазымен қоса 5 бөлмелі тұрғын үй сатып алған. Ал Өскемеденде екі элиталық тұрғын үй нысанына 82 милллион теңге жұмсалды.

Сонымен қатар, Шымкенттің тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы «супер» жайлы 5 қызметтік пәтер сатып алу туралы хабарландыру берген. Әр пәтерге 43 миллион теңгеден бөлініп отыр. Көкшетауда әкімдік 40 миллион теңгеге аумағы 145 шаршы метр 4 бөлмелі пәтер сатып алды.

«Ал Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында аудан әкімінің зәулім сарайын жөндеуге бюджеттен 24 миллион теңге бөлінген. Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімі кең паркингі бар, аумағы 180 шаршы метр баспананы 35 миллион теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Ал журналистердің ақпаратынша, сол Ұзынағаштағы ең қымбат коттедж 20 миллион теңгеден аспайды», — дейді депутат.

Қазбекова бұл тек БАҚ пен қоғамға ғана белгілі фактілер екенін атап өтті.

«Қазақстанның барлық қаласы мен ауданында мұндай деректердің қанша екенін тек болжауға болады», — дейді ол.

Мәжілісменнің айтуынша, мыңдаған қарапайым азамат ипотекасын уақытында төлеу үшін күн-түн демей еңбектеніп, көп нәрседен бас тартып жатқанда, ысырапшылдық пен астамшылыққа жол берген шенеуніктердің сынға ілігуі орынды.

«Ақжол» фракциясы мемлекеттің ақшасына шенеуніктерге қызметтік баспана әперуді баға параметрлерімен және баспана аумағымен реттеу керек деп санайды. Мәселен, «7-20-25″ бағдарламасы бойынша дәл сол Павлодарда баспананың ең жоғары бағасы 15 миллион теңге болып бекітілген. Ал әкімдік пәтерді өзіне үш есе қымбат бағаға сатып алды», — деді депутат.

Осы орайда Қазбекова премьер-министрден мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдарда тексеріс жүргізуді сұрады.

«Тексеріс қорытындысынан парламент пен қоғам да хабардар етілсін. Сондай-ақ, заң мен этика талаптары сақталмаған фактілер анықталса, кінәлілерді жазаға тарту керек. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік баспанамен қамтамасыз етудің қатаң критерийлерін бекіту керек. Мәселен, «7-20-25″ бағдарламасының параметрлерін негізге ала отырып немесе әр отбасы мүшесін тұрғын үй аумағымен қамту стандарттарын ескеріп», — деді ол.

Бөлісу8Твит5
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6022 бөлісу
    Бөлісу 2409 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3203 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1405 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 351
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1377 бөлісу
    Бөлісу 551 Твит 344
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.