Жалаңаш стуретімен танылған Шырынды анасы қолдап, туыстарын оны түсінуге шақырған
Шырын: Қазір мені әжем де қолдайды, талғамыма түсіністікпен қарайды.
Бүкіл Қазақстанға қазақтың әшекейлерін тағынып, жалаңаш суретке түсу арқылы танылған Шырын Нарчаева НТК арнасына берген сұхбатында өз әрекетін түсіндірді. Қызығы, көпшілік қаралаған бойжеткенді осы әрекетіне байланысты туған-туыстары қолдайды екен. "15 жастағы қыз жүкті болып, көрінген жерге туып кететін болса ол-ұят. Менікі не? Менікі-эстетика. Өзімді бір жаман, ұят дүниемен айналысып жүрмін деп ойламаймын. Мені қаралайтындарға көңіл де аудармаймын. Анам менің әрекетімді қолдайды. Ол суретке түсудің өнер екеніне түсіністікпен қарайды. Барлық туыстарыма да оның еш жаманшылығы жоғын түсіндірді. Қазір тіпті әжем де менің әрекеттеріме түсіністікпен қарайды",- дейді Шырын.