Ер адамға "арақ емес айран іш" деген бүлдіршіннің сөзі көпшілікті күлдірді (видео)
Кішкентай қыздың "кола мен арақтан аз ғана ішейін" деген ер адамға берген жауабы көпшіліктің көңілінен шыққан.
Балақай ересек адамның сұрағына кола мен арақтың зиянын айта отырып, орнына тұтынуға болатын тағамдар тізімін айтады. Ең қызығы ер адамның сұрағына кішкентай қыздың эмоциямен жауап қатқаны.