Басты жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова ұлы мен келініне өкпелеп, көңілі қалуының себебін айтты

Әншінің сөзінше келіні оның тәрбиесіне көнбей жүр.

Жеңіс Ысқақова отбасында болып жатқан оқиғалармен бөлісіп, өзін ренжіткен адамдарды ашып айтты.

Анықталғандай, бір жыл бұрын шаңырақ көтерген әншінің ұлы мен келіні, өзі жоқта ескертусіз бөлек шығып кеткен деп жазады " Айта берсін"

бағдарламасы.

"Бізден де бөлек кетіп қалды. Мен Астанада жұмыста жүргенде өздері бөлек кетіп қалды. Енді жарайды өздері біледі. Мен баламды тәрбиеледім. Ол өте тәртіпті және адамның көңіліне қарап қалған бала. Ал, келін өз анасының тәрбиесімен келді. Сондықтан мен өз заңымды тек қана ұлыма жүргіземін",-дейді әнші.