Қазақстан халқы Жаңа жылда неше күн демалатыны нақтыланды
29 желтоқсан сенбі күні болғанымен аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні болып отыр
Қазақстан халқы Жаңа жылда қатарынан төрт күн демалады. Демалыс күндері 30, 31 желтоқсан мен 1, 2 қаңтар. 29 желтоқсан сенбі күні барша қазақстандықтар үшін жұмыс күні. Бұл күннің демалысы 31 желтоқсан дүйсенбіге ауысады. Осылайша 2018 жылдың күнтізбесіне сәйкес, ел тұрғындары жылдың соңғы айында 13 күн демалады.