Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тұрсынбек Қабатов ұлды болды

Тұрсынбек Қабатов ұлды болды
ашық дереккөз
Мөлдір мен Тұрсынбек біргелікте үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған еді.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бесінші перзенті дүниеге келді.
Бұл туралы Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов Instagram парақшасында жазды. "Сүйінші Қазақ елі! Алланың қалауымен бүгін таңғы сағат 6-да Тұрсынбек Қабатовтың шаңырағында ат ұстар дүниеге келді! Тұрсынбектің өтінішімен сәбидің есімін қою рәсімі маған бұйырып, кішкентай батырымызды Райымбек деп атауды жөн көрдім! Аманғали Райымбек Тұрсынбекұлы қырандай алғыр, сұңқардай өр, терең ойлы, қадір-қасиеті мол азамат болсын деп тілеймін!", — деп жазды ол. Әзілкешті өнердегі әріптестері де жарыса құттықтап жатыр.
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар