Басты жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева сұхбатта сөзімді бұрмалады деп журналситі сотқа берді

Әнші: Анна телефоныңды ал, менің қорғаушым сені іздеп жатыр

Әнші Меруерт Түсіпбаева сұхбат барысында сөзімді бұрмалады деп 31 арна журналисі Анна  Данченконы сотқа берді.

Бұл туралы Меруерт Түсіпбаева  Instagram желісінде хабарлады.

Өз сұхбатын желіден көрген Түсіпбаева ашуға бой алдырып, жалған ақпарат таратқан белгілі журналистің жер-жебіріне жеткен. Әнші өзін Айсәуле Бақытбекті сынағадандай етіп көрсеткен Анна Данченконың масқарасын шығарып, ел алдында өзінен кешірім сұрауын талап етті.

Шоу-бизнес жұлдызы танымал журналистің қу айла тәсілін сынға алып, оны аяусыз сөгіп тастады. Ол өзі берген сұхбаттың әдейі монтаждалып, өз сөзінің мүлде бұрмаланып кеткенін жеткізді.

Айтуынша, қазақ қыздарының ашық-шашық киінуі жөнінде сұрақ қойған Анна, оны эфирге Айсәуле Бақытбекті жамандағандай етіп шығарған. Журналиске өкпесі қара қазандай болған әртіс енді онымен сотта кездеспекші.

"Аня-көршім деп жүрсем. Орыс досың болса, жаныңда айбалта болсын демекші, сеніп жүрсем. Мені ұятқа қалдырды. Мен желіде ешкімге жазылмағанмын, теледидар қарамаймын. Кімнің не киіп, не ішкенінде шаруам жоқ. Біреудің инстасын ақтарып , өмірімен қызықпаймын. Маған қойған сұрағы "жалпы қазақ қыздары салт-дәстүрді ұстанбауы" (таң қалып кім солай киінді?- дегенде,жалпы жастар бар -деп жауап берген).

Менен , тойында ,өз қуанышында жалпы шалбар киген, ішін ашқан қыздарға көзқарасыңыз деп сұрады. Сұрақ мүлдем, нақты белгілі адамдар жайында болған емес.Аннаның бұл қылығына таңғалып тұрмын. Монтаждап , кесіп, сұрақты Айсаулеге бұрып, тағы бір соғысты күтіп отыр , Анна. Мен бұл отбасыға қатысты сұрақтардан мүлде аулақ жүрген адаммын. Айтып кетейін, келіспеушілік пен менің пікірім тек қана сериалға қатысты болған. Қалғанына қатысты шаруам жоқ.

Сорлы аңқау қазақ ,қазақша сөйледі деп-микрофон бердік ,трибуна талайға. Мен Россияға барсам, (тым жақсы орысшам бар) маған сондай тақ (бақ) бере ме? Ватсапқа Аннаға xат жаздым, адвокатыма звондадым , Анна кешірім сұрамаса -сотқа беремін" , - деп жазды әнші.

Меруерт Түсіпбаева өзінің қоңырауына жауап бермей қойған Анна Данченкоға желі арқылы үндеу жасады.

"Анна, менімен ойнапсың. Кешірім сұра, көпшілік алдында. Баян,