Жансая мен Мақсаттың +18 тақырыбындағы айтысы елді дауластырып қойды (видео)
Мақсат Ақанов ақын Жансаяның отырып алғандығын бетіне басып, ләззатты басқа дүниелерден алып жүргенін ашық әжуалады.
Астанада өткен жетінші Алтын домбыра ақындар айтысында қыз бен жігіттің әзілді кездесуін өткізген Жансая Мусина мен Мақсат Ақанов көпшіліктің сынына қалды, деп жазды KYN.KZ. Қыз бен жігіт айтысында екі ақынның жеке өмірі мен мемлекеттік деңгейдегі "махаббат" мәселесі көтерілді. Ақын Мақсат Жансаяның әлі күнге жалғыз жүргенін, қанша талантты ақын болса да бір ер адамға зар екенін әжуалай отырып бетіне басты. Ұшқыр ойлы жайықтың ақыны қарап қалмастан плотник болса да бір ер адамды тауып алып, бала табу мәселесіне кірісетінін әдемі ұйқаспен жеткізді. Ақындар жеке бастың махаббат мәселесінен кейін министрлер тарапынан мектеп оқушыларына мүшеқап тарату, оқушы қыздарға түсік жасатуды заңдастыру мәселесіне тоқталды. Қызбен жігіттің айтысын тыңдағандар екіге бөлініп ақындардың өнері мен айтқан сөздерін сынға алды. Бірі қос ақында ел алдында арзан сөйлеп, ұятты дүниелерді ұялмастан айтты десе, енді бір тарап қыз бен жігіттің айтысы осындай болуы тиіс деп жатты.