Басты жаңалықтар

Қазақстанда доллар 381 теңгеден сатылып жатыр

Ресми бағам бойынша доллар бағасы түсте ғана 375,9 теңгеден саудаланған еді.

Бір ай бойы екі-үш теңге арасында құбылып, бүгін түсте ғана 375 теңгеден саудаланған доллар кешкісін бірден 381 теңгеден саудалана бастады. Желі қолданушылары әдеттегідей Астана мен Алматыдағы айырбастау нүктелерінде доллар тапшы екенін жазып жатыр. Халық доллар бағасы мейрам кезінде 400 теңгеге көтеріліп кетеді ме деп те алаңдайтындарын ашық жазып жатыр.