Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматыда дүкендерге тауар таситын азаматты жүргізушімен қоса 30 мың теңгеге бола атып кетті

Екі азаматқа бірден ота жасалған, олардың бірі әлі жансақтау бөлімінде.

27.12.2018
0
Алматыда дүкендерге тауар таситын азаматты жүргізушімен қоса  30 мың теңгеге бола атып кетті

Алматыда тапа талтүсте жүргізуші мен экспидиторға оқ атылды. Дүкендерге азық-түлік тасып, қыруар ақшамен жүретін мамандар түстенбек болып жанармай бекетінің маңына тоқтаған. Тамақтанып отырған жерінде белгісіз біреу келіп, әй-шәй жоқ бірден мылтық тақап бірінен соң бірін ата жөнеліпті.

Бұл туралы KYN.KZ Еуразия арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сөйтіп, кассадағы бар ақшаны алып қашқан. Бытыра бірінің алақанына, екіншісінің қолтығының астына тиген. Бірақ, бұл туралы полиция департаменті ресми ақпарат берми отыр.

Оқиға кеше сағат 4 пен 5 ортасында дәл осы жанармай автобекетінің артында болған. Түскі асын ішкен жүргізуші мен экспедитор демалмақ болыпты. Сонда белгісіз біреу келіп оқ атқан. Олардың қанының шашырағаны сонша бір күн өтсе де, қардың астынан қадам басқан сайын шығып жатыр. Ал, екі зардап шегуші қазір ауруханада. Олардың кассасынан 30 мың теңгені қаскөй алып қашқан.

Кешелі бері аулалары қоршалып, жауап алынып жатқан тұрғындар тапа талтүсте бір емес екі рет атылған оқтың дауысынан естігенлерін айтады. Кейбірі жұмыстан соң бүкіл көшені аралап, өз ауламызға әрең кірдік, дейді. Ал, таңертең жердегі қанды көріп тіпті шошып қалыпты. Айдың күні аманында мылтық ұстап дала кезген кімдер деп бойларын үрей биленген.

«Ана жаққа шығып бара жатсам, полиция қоршап алған . Өтпеңіз деді. Сосын кетіп қалдым. Ештеңе айтпады. Анау жақтан адамдардан сұрасам, перестрелка болған сияқты деді»,- деп отыр сол маңның тұрғындары.

Қанға малынған жерде оқ тиген екі азаматтың достары да кешелі бері жүргендерін айтады. Сөйтсе, жүргізуші мен экспидитор бар тауарын таратуға дүкен аралап шыққан. Тамақтанып отырған оларға белгісіз екі жігіт келіп, бірі көлік есігін ашқан, екіншісі мылтық тақапты. Бірі қолмен тоқтатпақ болды ма, әйтеуір бытыра алақынын тесіп өткен. Екіншісінің қолтық тұсынан тиген. Бірақ, бір тәуліктен асса да, әлі күдікті табылмапты.

«Кеше болғаннан бастап осы жердеміз міне. Әлі таба алмады. Бір суткадан асып кетті. Мына районға қашса, бұл районнан табылу керек қой. Әлі табылмады»,-дейді зардап шегушінің досы Думан Әлиасқар.

Зардап шеккендердің бірі 25 жаста. Екіншісі 19-да ғана. Ата-аналары да ести сала сонау Нарынқолдан түн жарымда Алматыға жеткен. Қалалық №4 клиникалық аурухананың есігін торауылдап жүр. Өйткені, қолтық тұсынан оқ тиген азамат әлі де жансақтау бөлімінен шықпапты. Қан көп жоғалтқандықтан, тіпті қан да құйған. Дәрігерлер әзірге екі науқастың жағдайын бір қалыпты деді.

Ал, полиция департаменті қаланың қақ ортасында оқ атылып, екі адам жарақаттанғанын растағанымен, ресми ақпарат бермей отыр. Прокуратураға хат жолдап, істің мән-жәйін тек ертең хабарламақ.

Бөлісу10Твит6
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6021 бөлісу
    Бөлісу 2408 Твит 1505
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3203 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1405 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 351
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1374 бөлісу
    Бөлісу 550 Твит 344
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.