65 жастағы әйел мен оның 80 жастағы күйеуі табиғи жолмен балалы болды
Күйеуі: Өте қуаныштымын, бірақ қартайғанда бұл баланы қалай бағатынымды білмей отырмын.
Үндістанда болған жағдай әлемдік рекордты жаңартты. Бұл оқиғаны көрген әрі әйелді табиғи жолмен босандырған дәрігерлердің өзі қайран қалған. Айтуларынша әйел мен күйеуінің бұған дейін 8 жастағы бір ұлы бар екен. Бірақ олар ешқашан тағыда балалы боламыз деп ойламапты. Ақсақал өзінің басындағы жағдайға таң қалып жүргенін жасырмаған. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасының отағасы ретінде ол жаңадан дүние есігін ашқан қызының тағдырына алаңдаулы. Себебі, әлем рекордын жаңартып отырған отбасында кейде тіпті ішерге ас болмай қалатын күндер болады екен. Ал үндістандық дәрігерлер болса елде орташа есеппен әйелдер 45 жастан кейін бала көтеру мүмкіндігінен айырылады деп отыр. Ең қызығы ерлі-зайыптылар баланы табиғи жолмен көтерген, одан қалса сейнеткер жүктілігін әдеттегідей өткізіп өз күшімен босанған.