Басты жаңалықтар

Назарбаев Димаш жайлы: Ол даналап сатылатын тауар

Қазақстан президенті мәдениет мәселесінде елімізді әлемге таныту қалай жүзеге асырылып жатқанын түсіндірді.

Президентпен кездескен журналистер оған "Қазақстан әлем мәдениетіне  не ұсына алады? Біздің ұсыныс шын мәнінде үмітті ақтап, кәдеге жарап жатыр ма?" деген сұрақ қойды. Президент бұл сұраққа мысал келтіре отырып жауап берді, деп жазды KYN.KZ. " Мысалы, бізде Димаш Құдайберген бар. Америка Голливудты ұсынады, Италия- талантты әншілерін. Бізден де осындай әлемге танымал таланттар бар. Әлем мойындап жатыр ма? Мойындап жатыр. Әлем жұрты оның қазақ екенін, қазақстандық екенін біліп жатыр емес пе?",- деді президент. Президент бұдан бөлек Мария Мудряк есімді әнші қызды балалар лагерінде көріп, мамандардан оның дауысымен жұмыс істесе "өсіруге" болатынын анықтап, мемлекет тарапынан көмек көрсетілгенін атады. Ол Италияда білім алып Еуропа операларында ең "ауыр" әндерді орындап жүр екен. Мария Мудряк, Димаш Құдайберген сынды таланттарды "Даналап сатылатын тауар" деген президент, ондай өнерлі азаматтарды бала күнінен қолдап, өсіру керектігін атап өтті. "Соңғы жылдары Астана Опера мен Астана Балет театры шетелдерге іссапармен жиі шығатын болған. Нәтижесі де жақсы. Қазақстанның атынан өнер көрсетіп, еліміздің өнерін насихаттаумен айналысуда",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.