Алматы полициясы 29 желтоқсанда адам өліміне алып келген жол апатын жасады деп күдіктеліп отырған жүргізушіні ұстады.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайты жазды.
Бұған дейін хабарланғандай, жол-көлік оқиғасының салдарынан танымал актриса Шолпан Елгезекова көз жұмды. Сондай-ақ, актриса Айзада Сатыбалдиева аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.
«Күдікті ұсталды. ҚР ҚК 345 (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-баптарына (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – дейді қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.