Айжан Байзақованың інісі мен сіңлісі оның ашық-шашық жүрісіне байланысты үйінде болған дау туралы айтты
Айжанның інісі: Мен бір жыл бойы әпкемнің жүрісі үшін ұялып, намыстанып, Айжанмен күнде ұрысатынмын.
Желіде жалаңаш суреттерімен танылған Айжан Байзақова жайлы алғаш рет жақындары халықтың алдына шығып пікір білдірді. Айтуларынша, бауырлары осындай танымал әпкелерінің барына қазір мақтанып жүреді екен. Десе де алғашқы жылдары Айжанның інісі ер адам ретінде жолдастары мен таныстарының арасында әпкесінің желідегі қылығы үшін намыстанып, бір жыл бойы онымен ұрысып жүріпті. Бұл туралы KYN.KZ сайты КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. " Мен алғашында әпкемнің қазіргі образы үшін талай мәрте онымен сөйлесіп, еш түсінісе алмадым. Әрбір ер адам сияқты мен де оны тыймақшы болдым, оның жалаңаш бейнесі үшін "елге қалай қараймын" деп уайымдадым. Адамдар ол жайлы сөз қозғаса кірерге тесік таппай кететінмін. Қазір ондай жоқ. Мен бәрін түсіндім. Айжан ешқандай да қылмыскер емес. Ол үшін адамдар өліп немесе оның өзгелерге қандай да бір зияны тиіп жатқан жоқ. Қазір Айжандай әпкем барына мақтанамын. Ол өте әдемі. Желідегі бейнесі, айтқан сөздері ол көшедегі әрекеті. Үйде тіптен басқа адам. Сіз білетін Айжан, ол оның- образы. Өмірде былапыт сөздерді қолданбайтын, отбасында ата- анамызға сіз деп сөйлейтін мүлде басқа жан. Мен мысалы, көзге өте ұяң,сыпайы болып көрініп, ер азаматының сыртынан білгенін істейтін қызды емес, әпкем сияқты қандай бар сондай ашық, шыншыл жанды жарым етіп таңдайтын едім. Екі жүзділікті мен де ұнатпаймын",- дейді Айжан Байзақованың інісі. Ал Айжанның сіңлісі болса оны бірден түсінген. Қазір тіпті осындай әпкесі барына, Айжанның сіңлісі екеніне жүрген жерінде мақтана айтады екен. "Мен ешқашан Айжанның желідегі сөзі, суреттері үшін ұялған емеспін. Ол өте мейірімді. Шындыққа тура қарайтын, адал адам. Сондықтан екеуіміздің арамызда ешқандай түсініспеушілік болған емес",- дейді Айжанның сіңлісі Жазира Байзақова. Айжанның өзі болса басында тіпті балағаттап сөйлеуді де білмегенін айтады. Оны ғаламтордан үйреніпті. Ал мұндай жолға түсуінің негізгі себебі ретінде алғашқы махаббатын, сәтсіз сезімін себеп деп атады.