Байзақова не себепті қазіргідей жолға түскенін, ұлының әкесі кім екенін айтты
Айжан: Көкірегіме, бетіме, көзіме, ерініме ота жасаттым. Босанғаннан кейін тағы екі жеріме жасатуды жоспарлап отырмын.
Айжан Байзақова алғаш рет еліміздегі ең танымал ток-шоуда өзінің желідегі образы ойдан құрастырылғанын, не себепті мұндай қадамға барғанын және жеке өмірі туралы ашық айтты. Байзақова бала күнінен тхэквандо спортына қатысып, Ұлттық құрамаға алынған. Қара белбеу иесі әрі осы спорт түсірен спорт шебері атағына дейін жеткен. Жарыс кезінде тізесінен жарақат алып, олимпиада чемпионы боламын деген арманы аяқсыз қалыпты. Ол қазіргі образда бүкіл Қазақстанға танылуын алғашқы сүйген жігітіне деген кек алудан басталғанын айтады. "Мен 18 жасымда алғашқы махаббатымды кездестірдім. Ол менің тіпті кірпігімді бояуыма қарсы болды. Айтатыны "Сен өзге ер адамдарға өзіңді көрсеткің келеді ме?". Бірақ жолда қазіргі Айжан яғни сымбатты, боянған, өзін күтіп қалған қыздарға менің көзімше бұрылып тұрып қарайтын. Мен бірақ сол кезде оның айтқанының барлығы дұрыс деп ойлайтынмын. Себебі ол адам менің алғашқы махаббатым болды, құлай сүйдім. Расымен үйленуге дейін бардық. Үйде тамақ әзірлеп, тек күтуші сияқты болып кеттім. Содан ол жігітпен айырылысып, "мен расында мынандай сұлумын" деп өзімді көрсеткім келді. Міне менің оқиғам осыдан басталды. Кейіннен бұл образыма айналды, жұмысыма және табыс көзіме айналды. Мені қазір желіде 800 мың адам бақылап отыр. Шынымен жаман адам болсам олар маған жазылмас еді. Ал ұлыма келетін болсақ, ол махаббатың дәлелі. Мен оны сүйген адамымнан көтердім. Жұрт жазып жатады "кімнен жүкті екенін де білмейді" деп. Мүлде олай емес. Менің сүйген адамым бар. Менің анам да әкем де бар. Оларды желіде суреттерімен көрсетпесем, ол менің жеке қалауым. Бірақ, олар менің өмірімде жоқ деген сөз емес. Қазір бақыттымын. Сүйгенім қасымда, баланы бірге тәрбиелейміз деп жоспарлап отырмыз",-дейді Айжан Байзақова. Сондай-ақ, Айжан көкірегін пластикалық ота арқылы үлкейткенін еш жасырған емес. Қазір қабағына, екі бетіне, ерніне ота жасатып, тісін түзеткені туралы да ашық айтты. Көкірегін үлкейткені бала емізуге еш кедергісін келтірмейді екен. Баласын кішкене өсіріп алғаннан кейін тағы екі жеріне пластикалық ота жасатуды жоспарлап отырғанын да жасырмады.