Басты жаңалықтар

2019 жылғы ең төменгі зейнетақы мөлшері анықталды

Биыл ең төменгі зейнетақы мөлшері былтырғымен салыстырғанда өскен.

Зейнетақының ең төменгі мөлшері — 36 108 теңге (96 доллар), ал базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 29 698 теңге (78,98 доллар). Былтыр қараша айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар мен ең төменгі жалақыны көбейтуді тапсырған еді.