Басты жаңалықтар

Ақын Бақыт Беделхан жол апатынан аман қалған актриса әйеліне ерекше өлең арнады

Актриса Айзада Сатыбалдиева қазір аурухананың жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Алматыда жол талғамайтын көлік ішінде төрт жолаушысы бар жеңіл машинаны соғып, салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болған еді. Төртінші адам актриса Айзада Сатыбалдиева өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген еді. Төрт күн өткеннен кейін есін жиып, өзіне келген актрисаны дәрігерлер жеке палатаға шығарған еді, деп жазды KYN.KZ сайты. Ақын ауруханадағы жарына арнап өлең жазып, көпшілікті сүйсінтті. "Алас-жыр... Есігіңде сұр жылан. Босағаңда боз жылан. Керегеңде кер жылан. Маңдайшада сор-жылан. Миды шағып ысқырған, Отауыңда оқ-жылан. Кімнен медет сұрайын, Қандай амал қылайын, Мен бұған?!