Актер Жанатбек Бәйтеков сұлу келіншегін көрсетіп, отбасы жайлы айтты
Актер жақында алтыншы мәрте әке атануға дайындалып жүр.
Актер Жанатбек Бәйтеков келіншегін халық алдына шығарабермейтін өнер жұлдыздарының бірі. Ол балаларының анасын жұрт назарынан алыс ұстағанды жақсы көрмейді, Айнұр ханымның өзі күйеуімен жиі суретке түсіп, бейтаныс адамдардың назарында болуды ұнатпайды екен, деп жазды KYN.KZ Астана арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасай отырып. "Айнұр концерт жүргізіп менімен сахнаға шықпақ түгілі өз күйеуімен суретке түскенді ұнатабермейді. Ол өнер саласынан алыстау. Маған қолдау білдіріп отырады. Мені тек балалармен суретке түсіреді. Қазір алтыншы баланы дүниеге алып келуге дайындалып жүр",- деп жауап берді актер. Актердің Айнұр ханыммен шаңырақ көтергеніне биыл он үш жыл болады. Бүгінде бұл отбасы бес бала тәрбиелеп, алтыншысын күтіп жүр.