Жанар Айжанова ауылда жатып алып өзінен дәріге ақша сұраған әйелді ұялтып тастады
Әнші: Сол жараға 2000 теңгеге дәрі алуға болады. "Мысық бір жерін көріп жара депті" демекші ұялмайсыз ба?
Танымал әнші Жанар Айжанованы бай деп ойлайтын желі қолданушылары қарызға ақша сұрап, киімдері мен әшекей заттарын тегін беруін өтініп, отбасындағы проблемаларды шешуге қаржылай көмектесуін тіпті талап ететіндер көп екен. Осындай сұраншақтардан шаршаған әнші қарапайым халықты қайыршы болуға қызықпауға шақырды. Оданда еңбек етіп, өз арбаларыңызды өздеріңіз сүйреуге тырысыңыздар деген кеңес берді. Жанар Айжанова адамның намысы болса ешқашан да жерде қалмайтынын, кез келген адамның өмірінде кедергілер болатынын түсіндіріп айтуға тырысты, деп жазды KYN.KZ сайты.