Адвокат Абзал Құспан: Қазақ қызын алатын шетелдік мемлекет қоржынына 1000 доллар төлесін
Заңгер шетелдік күйеу балаларды қалың малға міндеттеу көптеген елдерде барын айта отырып, қазақ қыздарының сұраусыз шетелдіктің жетегінде кетіп жатқанына ашынды.
Танымал ұлтжанды заңгер Абзал Құспан шетелдікке тұрмысқа шығып, оның ұрпағын көбейтетін қазақ қыздарына өкпесі барын айтты. Сөзінше сондай қыздардың кесірінен елімізде азаматтықты оңай алатындар саны артқан. Ал қызды өз отанына алып кететіндер оның мемлекет қаржысына өсіп, білім алғанын да бейжай қарайды екен. Бұл туралы KYN.KZ сайты Taza el.kz басылымына сілтеме жасай отырп хабарлайды. "Мына көрші жатқан түркімендер қыздарын өзге ұлт өкілдеріне, яғни шетелдіктерге тек қалың малын төлеген соң ғана береді. Біраз зерттеп көрдім. Әрине, олар заңды түрде «қалыңмал» деп айтпайды. Бірақ қыз бала балабақшада тәрбие алды, мектепте, жоғарғы оқу орнында тегін білім алды, тегін медициналық көмек алды, тағы басқадай деп қосып есептейді. Соның өзі ондаған мың долларға шығады екен. Дұрыс. Ұлттың келешегін ойлау қаперлеріне кірмейді. Осы мәселені айналадағыларға айтсаң, «Өзге ұлттың көңіліне келер. Оқыс жағдай туып кетер. Қазір заман басқа, қыз кімді көңілі қаласа, сонымен бірге болғаны жөн ғой», – деген жалтақ уәж айтады. Бұл – қазақтың болашағына бейжай, самарқау қарау деген сөз. Мұның бәрін біз айтпасақ, кім айтады? Қазақ үшін ойланатын да, толғанатын да мәселе көп",- дейді заңгер Абзал Құспан.