Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қарағандыдағы жанжалдың себебі белгілі болды

Жаппай төбелеске мейрамхана қонақтары мен қызметкерлері қатысқан.

08.01.2019
0
Қарағандыдағы жанжалдың себебі белгілі болды

Төбелес 1 қаңтарға қараған түні таңғы төрттер шамасында «Древний Рим» мейрамханасында болды.

 Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов Қарағандыда болған қанды оқиғаның тұрмыстық сипатқа ие екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ  сайты Sputnik Қазақстан тілшісіне сілтеме жасай отырып

Сүлейменовтің айтуынша, қанды оқиға 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні таңғы төрттер шамасында Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасында болды. Жаппай төбелеске мейрамханаға келгендер мен мейрамхана жұмысшылары қатысқан.

«Тергеу шаралары барысында біз жаппай төбелеске қатысқан 14 адамды анықтадық. Ал тоғыз адам персонал тарапынан белсенді қатысқан. Аталған төбелеске мейрамхана ішінде болған қонақтармен арадағы жанжал себеп болған», — деді Сүлейменов ОКҚ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, сол түні мейрамханада 400-ге жуық адам Жаңа жылды қарсы алған. Соның ішінде мейрамхана қожайыны өзінің туыстарымен Жаңа жылды атап өтіп жатқан.

Сүлейменов мейрамхананың жұмыс режимі бойынша түнгі сағат үште мекеме жабылып, барлық іс-шара тоқтатылуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты, мейрамхана қызметкерлері үш кезінде қонақтарға мекеменің жабылатынын алдын ала ескерткен.

«Бұған келіспеген қонақтар жанжал шығарып, салдарынан жаппай төбелеске ұласты», — дейді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

Персонал түнгі үштен кейін мейрамхана ішіндегі адамдарды сыртқа шығарып жіберген. Ал олар, Сүлейменовтің айтуынша, өз достарына хабарласқан. Оннан астам адам келіп, мекемеге баса-көктеп кірмекші болған. Осыдан кейін мейрамхана қожайыны мен персонал тарапынан шаралар қолға алынып, жанжалға ұласады.

«Салдарынан төрт адам пышақ жарақатын алды, екі адам ауруханаға түсті. Біреуі көз жұмды», — деді Сүлейменов.

Сүлейменов сот санкциясымен қазіргі таңда 8 адам уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті.

Министрдің бірінші орынбасары жаппай төбелестің ұлтараздық қақтығыс емес екенін айтты.

«Төбелес таза тұрмыстық сипатқа ие. Өйткені оған бір жақтан тек бір ұлттың, екінші жақтан тек басқа ұлттың өкілдері қатысқан жоқ. Біз барлығын анықтап алу үшін мұны тергеу кезінде жария еткен жоқпыз. Тергеу әлі жүріп жатқандықтан, толық ақпарат бере алмаймыз», — деді ол.

Бөлісу10Твит6
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6248 бөлісу
    Бөлісу 2499 Твит 1562
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3138 бөлісу
    Бөлісу 1255 Твит 785
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3328 бөлісу
    Бөлісу 1331 Твит 832
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1602 бөлісу
    Бөлісу 641 Твит 401
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    886 бөлісу
    Бөлісу 354 Твит 222
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    833 бөлісу
    Бөлісу 333 Твит 208
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2413 бөлісу
    Бөлісу 965 Твит 603
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.