16 жасында тұрмысқа шыққан қыз ата-анасының өзіне берген кеңесін айтып жұртты таң қалдырды
Балнұрдың күйеуі өзінен 12 жас үлкен. Қазір екеуі бір баланың ата- анасы.
Балнұр есімді Алматы облысының тұрғыны он бес жасынан бастап өзінен үлкен жігітпен телефон арқылы сөйлесіп жүрген. Бір жылдай бірін-бірі жақсы біліп алған ғашықтар қыз он алты жасқа енді толған кезде үйленуге шешім қабылдапты. Бұл туралы Kyn.kz сайты КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Отағасы Болатбектің сөзінше сол жылы анасынан араға бірнеше ай салып әжесінен айырылып қалған. Әкесі мен екі інісіне қамқор болып қалған жігіт кәмелет жасына толмаған ғашығына үйленуге шешім қабылдаған. "Мен басында үй шаруасында көптеген жұмыстарды дұрыс білмедім. Келіншек болуға айтарлықтай дайын емес едім. Менің анам да он жеті жасында тұрмысқа шыққан екен. Сүйгенімнің ұсынысы жайлы анам мен әкеме айттым. Ол кісілер бірден разылығын беріп, тұрмысқа шығуыма рұқсат ететіндерін айтты. Үйде екі қайын інім, бір қайын атам бар. Барлығына тамақ пісіріп, қарапайым келіншектің өмірін кештім. Ешқашан "түнгі клубқа барамын, былай жүруім керек, мен жаспын" деп бұлқынып, мінез көрсеткен емеспін. Мақсатым: көп балалы ана атанып, сол балалардың бақытын жолдасыммен бірге көру",- дейді 18 жасқа жаңа толған келіншек.