Басты жаңалықтар

Ринат Зайытов: Ақша үшін әншілерге өтірік өлең жазғанымды мойындаймын

Ақын жұртты сынағаны үшін өзіне талай мәрте қастандық жасалғаны жайлы айтты.

Танымал ақын Ринат Зайытов "91" сынды топтарды сынап халық арасында жеккөрінішті болып көрініп ғана емес өз мүлкіне талай мәрте қастандық жасалғаны жайлы айтты, деп жазды Kyn.kz сайты. " Ия біздерге қомақты қаржы ұсынып, "арзанқол" ән жаздыратын әншілер көп. Ол кезде қарасөзге, өлеңге деген сатқындық болады. Өйткені тапсырыспен жазылған әннің барлығы сондай керемет болып шығабермейді. Ақысына қызығып, өзімізге, өлеңге деген адалдықты сақтамайтын сәттер болады",-дейді ақын Ринат Зайытов. Ақын тік мінезінің кесірінен бір емес бірнеше рет елден қастандық көргенін де жасырмады. "Менде талай мәрте болды. Мысалы көлігімді сызып кетеді, жазып кетеді, дөңгелегін жарып кетеді. Ескерту жасап, қорқытып қоймақшы болғандар да кездесті. Мен ол кішкентай бұзақылыққа көңіл де бөлмеймін. Оның барлығын тізіп, полиция шақырып дау шығарып отыратын адам емеспін. Мейлі көлігіме жазып кетсін, барып өшіртіп алып әрі қарай кетеберемін",-дейді ақын.