Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Күдіктілердің досы Денистің өлімінен кейін барлығы Қапшағайға барып демалғанын айтты

Күдіктілердің досы Денистің өлімінен кейін барлығы Қапшағайға барып демалғанын айтты
ашық дереккөз
Ізтілеуова:Олардың үшеуі де көңілсіз жүрді. Бірақ демалуға келгендіктен ішіп, шегіп көңіл көтеруге тырысқан сияқты.
Денис Теннің өліміне күдікті саналатын Жанар Толыбаева марқұмның өлімінен кейін Қапшағайға барып демалған. Бұл туралы сотта Толыбаеваның құрбысы Жайна Ізтелеуова айтты.
Оқиғада күдікті болып танылған ару Денис Тен қайтыс болған күні достарымен көңіл көтерген болып шықты. Бойжеткен құрбысы Жанар Толыбаевамен 19 шілде күні түнде Қапшағайға демалуға кетіп қалғанын айтады.

"Денис Тенді өлтіріп кеткені туралы ертесіне Қапшағайға барып демалған кезде білдім. Бірақ оған Жанардың қатысы бар деп ойламадым. Ол маған еш нәрсе айтпады да, мен де сұрақтың астына алмадым. Өзі көңіл-күйсіз жүрді, жабырқаулы болды. Алайда, Қапшағайдағы демалыста кешке қарай ол басқалармен бірге ішіп, шекті. Бәрі көңілді болды.

19-ы күні үшеуі пәтерге қайтып келгенде, бәрінің көңілсіз екенін аңғардым. Нұралының футболкасынан қан дағын да байқадым.

Олардың Денистің өліміне қатысты екенін полицейлер келіп, Нұралынды тұтқындаған сәтте бір-ақ білдім. Мені де қамауға алмақ болды. Бірақ мен еш қатысым жоқ екенін айтып түсіндірдім", - деді Ізтелеуова.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар