Күзде қазақ сарбаздары соғыс болып жатқан елдерге аттанатын болды
Бүгін тиісті құжатты қос палата депутаттары бекітіп берді.
Қарулы қақтығыс өршіп тұрған Таяу Шығысқа қазақ сарбаздары күзде аттанатын болды. Оған сай Қазбаттың 120 жауынгері ұзақ жылдар бойы азамат соғысы болып жатқан Ливанға жіберіледі. Бірақ бітімгерлік батальонының сарбаздары қақтығысқа тікелей қатыспайды. Керісінше, жарты жыл бойы сонда жүріп, бейбіт келісімнің орындалуын бақыламақ. Соғыстың өршу қаупі туындағанда мән-жайды Біріккен ұлттар ұйымына баяндап отырмақ. Бұдан-бөлек елімізденн 40 офицерді үндістандық әскерилермен біріктіріп, бақылаушы ретінде Кипр, Пәкістан, батыс Сахараға жіберу жоспарда бар. Бірақ бұл миссияның мерзімдері әзірге белгісіз. Ал Ливанға тыныштық орнатуға баратын сарбаздарға жоғары жалақы төленбек. "Таяу шығысқа барғандарға жалақы үш есе көп төленеді. Әрі БҰҰ-да , әскерилерге ай сайын үш жүз мың теңгеден астам ақша төлеп тұрады. Сондықтан, қызмет мерзімі аяқталып, Қазақстанға келген кезде барлық қаржылық мәселесін шеше алады.",-деді ҚР Қорғаныс Министрі Сәкен Жасұзақов.