Басты жаңалықтар
Қуандық Рахым: Осы күнге дейін темекі шегіп, арақ, сыра ішіп көрмеппін
- автор kyn.kz
- 9 қаңтар, 2019
- 1.7k
Мен өзге тілде ән айтуға қызықпаппын, тек Бекболат тілеухан сынды дәстүрлі әншілерді тыңдап өстім.
Жаңадан танылып кележатқан жас әнші Қуандық Рахым мектепте жүріп, студенттік шақта болсын бір мәрте де шылым шегіп, спиртті ішімдікті ұрттап көрмегенін айтты. Сөзінше үнемі айналасындағы адамдар мұндай жаман әдеттерден алыс болып шығады екен.
"Енді жаратқанның мені қорғап жүрген бір ерекше нығметі шығар. Расымен осы күнге дейін темекі мен арақтың дәмін көрмеппін. Мектеп кезінде де, стдент шағымда дадостарым осындай жаман әдеттерге әуес болмапты. Мектеп кезінен тұйық болдым. Адамдармен араласып кетуім қиындау еді.
Сәтпаевтан Алматыға оқуға баратын кезде үйдегілердің дайындаған "Алматыға барғанда адамдармен сөйлес, таныс, аралас. Әйтпесе аш қаласың, жалғыз қаласың" деп айтқан. Содан аздап тірілгенім осы.
Бала күнімнен мұңды әндерді орындауға әуес болдым. Құрдастарым далада ойнап жүрген кезде мен үйде жатып алып кітап оқитынмын немесе домбырамен ән салып өзім ғана отыраберетінмін",- дейді Қуандық Рахым.
Жас әнші Бекболат тілеуханның өмірі мен өнеріне қатты қызығатынын, тіпті соның жүріп өткен жолы өзіне бұйырса арманы жоқ екенін де айтып қалды.
"Бала күнімнен Бекболат тілеухан ағама ұқсағым келіп қобыз, домбырада ән салып бастадым. Ол кісі жақында 14 баласы барын айтты. Осынша перзентім болып, бірнеше әйелге қамқорлық жасауға жағдайым мен ақылым болса, елу жасымда еліме өсиет айтып отыратын сыйым болса арманым жоқ",- дейді жас әнші Қуандық Рахым.
Бұл туралы әнші Астана арнасындағы "Сырласу бағдарламасында айтты.