Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Жүнісова бай болмаса да не үшін бар ақшасын шашып жүретінін айтты

Әнші: Әкімнің әйелі болған кезімде де ақша мен дүниеге қызықпаппын.

10.01.2019
0
Жүнісова бай болмаса да не үшін бар ақшасын шашып жүретінін айтты

Танымал әнші Мақпал Жүнісованың жомарт екенін білетін халықтың қарасы көп. Ол айналасындағыларға қалтасындағы барды шығарып бересалатын ашық адам.

Осындай әрекеттерінен кейін болар тіпті оның Алматыдағы үйінің есігін қағып, көмек сұрайтындар мен желі арқылы киген көйлектеріне құда түсетіндер көп екен.

«Мен киген киімді сыйға беру дегенді мүлде түсінбеймін. Қалай бересің? Киген киімнің барлығына мысалы менің терім сіңіп қалады ғой. Өзіміз отбасында алты қыз, екі ұлмыз. Аптасына бір мәрте киім тіктіруге барамын десем өтірік емес.

Сол жаңа киімді киіп шықтым ба бітті. Бір сіңлім «мынаны маған бересің» деп еншілеп отырады. Сосын сол көйлекті айтқан туысыма беруге тура келеді. Көптеген әншілер киген киімдерін сатады екен деп есітіп жатырмын. Ондайды ұнатпаймын»,- дейді Мақпал Жүнісова.

Әнші тойлағра әсіресе мерейтойларға үлкен кісілер көп шақыратынын айтады.

«Сол апалар мен аталар тойға жиі шақырады. Тапқан табысымды да сол тойлардан аламын. Ақша қалай болады, солай өз жөнімен кетеді ғой. Адамдарға сыйлық жасап, туыстарымның жақсы тамақтанып отырғанын қалаймын.

Кезінде Зәкең екеуіміз жиырма жыл бойы ақша жинап, бір күнде ұрлатып алдық. Содан кейін ақша жинауға қызықпаймын. Жалғыз қызыма да ешқандай жинаған ақшам жоқ. Оған «Оқытамын, бәрін көрсетемін.

Мына үйді өзіммен алып кетпеймін, саған қалады. Осыны сатып пәтерде тұрсаң да күніңді көресің. Мен шопырдың қызы едім, әкең әкесін де көрмеген, жалғыз анасының тәрбиесін алған.

Оқудың арқасында қаланы басқаруға дейін көтерілді. Тым болмай жатса бір жерде ағылшынды аудар, екінші жерде еден жу, үшінші жерде тағы бір жұмыс табылар. Еңбек еткен адам өлмейді» деп түсіндіремін. Сондықтан мен қолымда барымды айналамдағыларға шашып жүргенді ұнатамын»,-  дейді әнші.

Бөлісу16Твит10
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6249 бөлісу
    Бөлісу 2500 Твит 1562
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3144 бөлісу
    Бөлісу 1258 Твит 786
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3329 бөлісу
    Бөлісу 1332 Твит 832
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1602 бөлісу
    Бөлісу 641 Твит 401
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    887 бөлісу
    Бөлісу 355 Твит 222
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    835 бөлісу
    Бөлісу 334 Твит 209
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2414 бөлісу
    Бөлісу 966 Твит 604
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.