Басты жаңалықтар

Абай Бегей өзін мазақ еткендердің сөзін көтере алмай ауырып қалды

Әнші:Адамдар мені "бір ғана әнімен жеке концерт бермекші" деп келемеждегенде кірерге тесік таппай кеттім.

Танымал әнші Абай Бегей өзінің шығармашылығы мен жеке өміріне қатыста халықтан жиі сын еститіндердің бірі. Тіпті бір кездері әнші желідегі пікірлерді оқып алып, ауырып қалған. Бұл туралы KYN.KZ Қазақстан арнасындағы "Түнгі студия" бағдарламасында айтты. "Кезінде жеке концертімді беру үшін барымды салып дайындалдым. Әріптестерім жеке парақшасында қолдау көрсетіп, жарнамама атсалысты. Сол жердегі пікірлердің бірінде "Мынау бір ән орындап, жеке концертін бермекші ма? "Аспанға  қараймынды"  жиырма рет орындайтын шығар" деген сынды пікірлерді көзім шалды. Тіпті концерт беруге ынтам да қалмай қалды. Сол кезде осындай сөздерді жақын қабылдап,ауырып қалған жайым бар. Қазір қандай пікір болса да көңіл де бөлмеймін. мені сынайтындарға ренжімеймін де. Күнде ұйықтар алдында Алладан мені қаралағандарды кешіруін сұрап жатамын",-дейді әнші. Әнші бүгінде қызы Сымбаттың жеке шығармашылығына көңіл бөліп, оған ән жаздырып, бейнебаян да түсіріп берді.