Айжан Байзақова өзін ақшамен қамтамасыз ететін "ағасының" кім екенін айтты
Байзақова: Қолымда болса есірткіні заңдастыратын едім.
Желіде өзінің былапыт сөздері мен ашық суреттері арқылы танылған Айжан Байзақова өзін ақшамен қамтамасыз ететін ағасының кім екенін айтты, деп жазды KYN.KZ. " Менің Инстаграм парақшама жарнама салудың бағасы 1000 АҚШ долларынан басталады. Бейнебаянға түсу, телебағдарламаға, барлық түсірілімдер алатын уақытына қарай 3-4 мың АҚШ долларынан басталады. Сондықтан бүгінде жұрт ойлайтын мені ақшамен қамтамасыз етіп отырған қалталы ағатайым осы Инстаграм",-дейді Байзақова. Ол өзінің ұлының әкесі туралы айтқан кезде күйеуінің ел болжағандай қалталы кәрі кісі емес екеніне тоқталды. "Бәрі менің желідегі образыма қарап "Жеңілтек, бай біреуді ұстап алды" деп болжайды. Ол мүлде ондай емес. Күйеуімді ата-анаммен таныстырдым. Олар бірден бірін-бірі ұнатты. Ол өзім сияқты жас азамат. Бастысы оның маған дейін отбасы болған жоқ. Қыздары болған шығар енді. Біздікі тек таза махаббат. Олда мен сияқты еркін ойлайтын адам. Сондықтан да бір- бірімізді түсініп жүрміз деп білемін. Мен үшін біреудің отбасын ойрандап, күйеуін тартып алу, жасырын әйелі болып жүру, ақша үшін төсектес болу намыс. Мен жаспын, әдемімін сондықтан өзімнің қалауыма сай таңдау жасауға мүмкіндігім бар",- дейді блогер.